Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетАЭСАтом энергиясы бизнестің дамуына серпін береді – Халықтық штаб

Атом энергиясы бизнестің дамуына серпін береді – Халықтық штаб

Атом электр станциясының құрылысы тек ядролық мамандар мен ғалымдарды ғана емес, сонымен қатар жұмысшыларды, құрылысшыларды, әртүрлі тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерді тартуды талап етеді. Ол сауда, қоғамдық тамақтану, көлік және тағы басқа салаларда қызмет көрсететін жергілікті бизнестің дамуына оң әсерін тигізеді. Бұл туралы Халықтық штаб мүшелерінің Алматы облысындағы шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуінде айтылды.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев атап өткендей, АЭС-ті ұзақ мерзімді пайдалану арқылы тұрақты жұмыс орындарын құруға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Жалпы, мұндай жобалар іргелес аумақтарды экономикалық тұрғыда дамытудың катализаторына айналады.

«Біз бәсекелік артықшылығымызды пайдалануымыз керек. Қазақстан – уран өндірісі бойынша көшбасшы мемлекет. Елімізде Үлбі металлургия зауыты, Ядролық физика институты, Ұлттық ядролық орталық жұмыс істейді. Онда тәжірибелі мамандар еңбек етеді. Яғни, елімізде барлық мүмкіндік пен ресурс бар. Сондықтан, тұйық циклге шығып, елді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету – біз үшін өте маңызды», – деді ол.

RELATED ARTICLES

Референдум 2024

Референдум 2024

Референдум 2024

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments