Воскресенье, 15 марта, 2026
Басты бетРеферендум-2026Ауданымызда ардагерлер ұйымының төрағасы өз таңдауын жасады

Ауданымызда ардагерлер ұйымының төрағасы өз таңдауын жасады

Іле ауданында орналасқан Ардагерлер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрағасы Исаев Амзе Альдибекович дауыс беру күні өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін көрсетті.
Ол Жәпек батыр ауылындағы №407 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді. Ардагерлер ұйымының өкілі бұл саяси науқанның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Амзе Альдибековичтің айтуынша, әрбір азаматтың дауыс беруі – қоғамның дамуына қосқан үлесі. Ол жастарды да, аға буын өкілдерін де сайлау процесіне белсенді қатысуға шақырды.
Референдум учаскесінде дауыс беру жұмыстары заң талаптарына сәйкес, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтті. Тұрғындар өз таңдауларын жасап, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Ардагерлер ұйымының өкілдері де әрқашан қоғамдық өмірге белсенді араласып, елдің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуға үлес қосып келеді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments