Site icon Атамекен

Ауылдың тіршілігі әрқашан еңбекқор азаматтардың қолымен өркендейді

Ауылдың тіршілігі әрқашан еңбекқор азаматтардың қолымен өркендейді. Солардың бірі – қолының ебі бар, ісіне адалдығымен танылған Кемелбаев Қуат Қасымқанұлы.

Қай істі қолға алса да шеберлігін көрсете білетін ол ең алдымен дәнекерлеуші ретінде ауылға кеңінен танымал. Темірден түйін түйіп, талай үйдің тірегін бекемдеген Қуат Қасымқанұлының қолтаңбасы – талай еңбектің нәтижесінде көрініс тапқан. Бұған қоса, ауылдастары қажет еткенде түрлі тұрмыстық жұмыстарға да қол ұшын беріп, көмегін аяған емес. Қуат Қасымқанұлының тынымсыз еңбегі мен қарапайымдылығы – ауыл тұрғындары үшін үлкен демеу, ал жас буын үшін үлгі-өнеге. «Еңбек – ердің мерейі» дегендей, өз ісін адал атқарып жүрген Кемелбаев Қуат нағыз еңбек адамының бейнесін айқын көрсетеді.

Exit mobile version