Четверг, 18 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАуылды аймақтарды дамытудың бірыңғай картасын әзірлеу керек

Ауылды аймақтарды дамытудың бірыңғай картасын әзірлеу керек

23 ақпанда Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаттығына кандидат Асхат Асылбеков Жамбыл облысы Қордай, Шу және Т.Рысқұлов аудандарының тұрғындарымен кездесті.

Басқосу барысында көпбалалы аналар, жастар, жер мәселелері және зейнетақы жайы сөз болды.

Ауылды аймақтарды дамытудың бірыңғай картасын әзірлеу керек. Бұл бағдарлама шеңберінде ауылдық жерлерде көпбалалы отбасылар үшін тегін тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді ұсынып отыр Халық партиясы» – деді Асхат Асылбеков.

Кездесуде сайлаушылар көкейінде жүрген сан сауалдарын қойды. Әсіресе, жайылымдық жер тапшылығы мен шалғай ауылдардағы инфрақұрылым мәселесін сөз етті.

– Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 5-тен 500 гектарға дейінгі аумақта 7 жылға пайдалану құқығын тегін беру керек. Бірақ бұл заңды тұлғаларға жүрмейді, – деді.

Сонымен қатар, – Біз әйелдер 58 жаста зейнетке шығу керек деген қозғалысты қолдаймыз. Нәтижесінде, әйелдердің зейнетке шығу жасын 61  жастан ұлғайтпау жөнінде 5 жылдық мораторий жарияланды. Біз бұл жұмысты одан әрі жалғастырамыз. Себебі, әйел – ана, қыз, қарындас, жар! Біз Парламентте оларды қорғайтын заң қабылдаймыз! – деді кандидат.

Анығында, атаулы әлеуметтік көмек қоғам ішін дүрліктіріп отыр. Қатпар-қатпар құжат жинап, әлеуметтік шиеленісті арттырды. Осы орайда Халық партиясының ұсынысы айқын: Ең дұрыс шешім, АӘК-тен бас тартып, оның орнына балалар жәрдемақысының мөлшерін көбейту керек. Қазақстан Халық партиясы 1 балаға  ең төменгі жалақы яғни, 70 000 теңге мөлшерінде тағайындауды талап етеді, – деді А.Асылбеков.

Жастар мәселесі де  күн тәртібінде күйіп тұр. Жұмыссыздық пен баспана жайы жас отбасылардың қабырғасын қақыратып барады. Осы орайда Халық партиясы жастарға арналған жеке мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын қабылдауды талап етуде. Сонымен қатар, студенттер шәкіртақысын көтеру, тегін жатақханамен қамту мәселесіне де партияның шешімі анық.

– Мемлекет студенттерге жатақханада тегін тұруды қамтамасыз етуі тиіс. Ондай мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік және жеке оқу орындарының студенттері үшін айына 77 777 теңге мөлшерінде өтемақы белгіленсін. Бұл жастарға салынған жарқын инвестицияның бірі болмақ, – деді Мәжіліс депутаттығына кандидат А.Асылбеков.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments