Site icon Атамекен

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

«Ауыл» партиясынан ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына  кандидаттар Қайрат Айтуғанов,  Николай Арсютин, Серік Егізбаев, Рабиға Тоқсейітова, София Әбдіразақова Қазақстанның солтүстігіндегі үш облысты ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Есіл су» РМК ұжымымен кездесті.

Құрамына Булаев, Есіл, Соколов, Преснов топтық су құбыры кіретін «Есіл су» РМК Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облысының 250-ге жуық елді мекенін, 200 мыңға жуық тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз етеді. «Ауыл» партиясы атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттармен кездесуге аталған мекеменің жүзден астам жұмысшысы келді. Жиында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаттығына кандидаттар әлемдігі таза су тапшылығы жайлы жалпы мәлімет келтіріп, аталған үш өңір халқын тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын ерен еңбек деп бағалады.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша әлем халқының жартысына жуығы су тапшылығын сезінеді. Соның ішінде, әсіресе таза ауыз су мәселесі өзекті.  Сарапшылардың айтуынша, жер бетінде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Ал 1,7 миллиард адам тұщы су көздеріне зәру. Әлемде жыл сайын таза судың жоқтығынан, соның салдарынан болатын антисанитариядан мыңдаған адам көз жұмады. Ал елімізге келер болсақ 2025 жылға дейін қалалар 100 пайыз, елді-мекендер 80 пайызға ауыз сумен қамтылмақ. Бұл сіздердің және сіздердің әріптестестеріңіздің ерен еңбегінің арқасы. Сіздер тартқан су құбыры әлем бойынша тартылған ең ұзын су құбыры ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірді. «Ауыл» партиясының басты мақсаттарының бірі – сіздердей еңбек адамына деген құрметті қайтару. Біз тек сіздермен ғана елімізді индустриалды-аграрлық державаға айналдырамыз және сол арқылы бақуатты ауыл, дамыған қала мен қуатты мемлекет қалыптастырамыз», — деді «Ауыл» партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Қайрат Айтуғанов.                                     Еңбек адамының теккен төрін бағалап, қамын жеген партия өкілдерін ұжым жылы қабылдап, сөздерін ықыласпен тыңдады. Партия сайлауалды бағдарламасы бағыттарының мақсат-мүдделерімен қабысатынын айтты. Өздерін толғандырып жүрген мәселелелерді де ортаға салып, сұрақтар қойды. Кандидаттарға ұсыныстарын аманаттады.

 

«Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі

Exit mobile version