Воскресенье, 15 марта, 2026
Басты бетРеферендум-2026Ауыл тұрғындары үлгі көрсетті: Қосқұдықта бір көшенің халқы түгел дауыс берді

Ауыл тұрғындары үлгі көрсетті: Қосқұдықта бір көшенің халқы түгел дауыс берді

Қосқұдық ауылында республикалық референдум күні ерекше жағдай орын алды. Мұнда бір көшенің тұрғындары азаматтық позицияларын білдіріп, жиналып, түгелдей дауыс берді. Бұл ауылда жалпы 103 үй ғана бар екенін ескерсек, бұл – өте жақсы көрсеткіш – дейді байқаушылар.
«Қосқұдық ауылының тұрғындары теміржол станциясы болып құрылғаннан-ақ өте ұйымшыл. Бұл елдімекенде әулетімен теміржолшылар атанған отбасылар бар. Оның бірі – біздің жанұя. Көрші болып отырған 25 тұрғынмен келісіп, түгелдей референдумға қатысуға бел байладық. Мемлекет ертеңін айқындайтын сәтте тыс қалғымыз келген жоқ. Бастама бірден қолдау тауып, өз таңдауымызды жасадық», — деді ауылнай Келтай Шаяхметов.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments