Шаруаларға қолжетімді әрі ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсыну, заманауи техникамен қамтамасыз ету және өндірісті технологиялық тұрғыдан жаңғырту агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, отандық өнімді терең өңдеу кәсіпорындарын дамыту мен тракторлар және комбайндар өндірісін жолға қою жаңа жұмыс орындарының ашылуына, импортқа тәуелділіктің азаюына және жергілікті өндірістің кеңеюіне ықпал етеді. Сонымен қатар жасанды интеллект пен су үнемдеу технологияларын енгізу бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешуге жол ашады. Ең бастысы, қолға алынған бастамалар нақты нәтижеге бағытталып, шаруалардың табысы артып, халық сапалы отандық азық-түлікпен қамтамасыз етілуі керек. Бұл – ауылдың әлеуетін көтеріп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтатын маңызды қадам.
Атамекен ақпарат

