Site icon ATAMEKEN

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі

Қарақастек ауылдық округінде Құрылтай сайлауына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеде жергілікті тұрғындар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің еңбегімен өндірілген қызанақ, қияр, картоп, қарбыз және басқа да өнімдер ұсынылып, тұрғындарға қолжетімді әрі тиімді бағамен сатылуда.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, жергілікті өнім өндірушілерді қолдау және ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосу.

Жәрмеңкеге ауыл тұрғындары белсенді қатысып, өздеріне қажетті өнімдерді тиімді бағамен сатып алуда.

Exit mobile version