Site icon Атамекен

Ауқымды құрылыс жылы: Премьер-министр жаңа зауыттар, тұрғын үй және инфрақұрылымтуралы мәлімдеді

2024 жылы елімізде 29 ірі зауыт салынды. Бұлтуралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов баяндады.

Мысалы, Қостанай облысында шойын құю, Алматы облысында вольфрам және жылуоқшаулағыш материалдар, Шымкентте бағалыметалдарды өңдеу, Қарағанды облысында катодтымыс, автомобиль шиналары мен тұрмыстық техника шығаратын өнеркәсіптік нысандар салынды. Саран қаласында заманауи өндірістердің іске қосылуыоның моноқалалар санатынан шығуына мүмкіндікберді.

Сондай-ақ алғаш рет елімізде 19 млн шаршыметр тұрғын үй салынды. 397 денсаулық сақтаунысаны, 298 білім беру нысаны бой көтерді. 11 мыңорынға арналған 40 студенттік жатақханапайдалануға берілді. 12 мың шақырым автомобиль жолдары және 2,8 мың шақырым теміржол жөнделді. Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында3 жаңа терминал пайдалануға берілді.

 Қосымша 300 мыңнан астам адам газбенқамтылып, 200 мыңнан астам адам орталық су жүйесіне қосылды. 542 шақырым жылу желілері мен 55 жылу көзі жаңғыртылып, 6,5 мың шақырыминженерлік желілер жөнделді. Жалпы қуаты 700 МВт-тан асатын қосымша электр қуатын өндірукөздері іске қосылды.

 

Exit mobile version