Пятница, 29 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтар«Ашық» жобасының арқасында 2115 адамның «қызыл» түсті мәртебемен жүргені анықталды

«Ашық» жобасының арқасында 2115 адамның «қызыл» түсті мәртебемен жүргені анықталды

 

Бүгінгі таңда облыста 8747 кәсіпкерлік нысаны «ашық» бағдарламасы бойынша QR-код алды, оның 559-ы тестілік режимде жұмыс істейді. Ал «ашық» көшбасшысы» мәртебесі 102 кәсіпкерлік нысанына берілді.

«2021 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында облыс бойынша «қызыл» мәртебесі бар 2115 адам және «сары» мәртебесі бар 785 тұрғын тіркелді»,– деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз-мәслихатында,
Сондай-ақ, ол «қызыл» мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 3 млн.теңге сомасына 79 айыппұл салынғанын атап өтті. «Сары» мәртебесі бар азаматтарға қатысты үй карантині шарттарын сақтау қажеттілігі туралы талаптармен 284 қаулы берілді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments