⚡АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Мыңбаев ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Елімізге атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Мыңбаев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде, жастар мен келешек ұрпақ үшін бұл жобаның берер пайдасы зор екені туралы дәйекті ақпаратты кеңінен тарату керектігін жеткізді.
«Қазіргі таңда Қазақстан электр энергиясының бір бөлігін импорттауға мәжбүр болып отыр. АЭС осы тәуелділікті азайтып, тұрақты әрі өзіміздің энергиямызды өндіруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Халықтық штаб мүшеслері.
Әңгімелесу барысында АЭС-тың тек энергия көзін қамтумен шектелмейтіні, сонымен қатар, еліміздің экономикалық, ғылыми және технологиялық әлеуетін нығайтуға зор үлес қосатыны атап өтілді.
#АЭСүшін
#АЭСтаңдаймыз
#ЗаАЭС
#ВыборЗаАЭС
#АЭСРеферендум
#Референдум2024
#ХалықтықШтаб
#НародныйШтаб