Ақмола облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғырту жұмыстарына 1,4 млрд теңге бағытталды.
Қаржы Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді елге қайтару және оларды әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі тапсырмалары аясында бөлінді.
Жоба өңір тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге және елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.
Қайтарылған активтердің әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалуы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

