Сайлауға санаулы күн қалды: өз учаскеңізді алдын ала біліп алыңыз
atameken
Уақытыңызды үнемдеп, өз таңдауыңызды жасауға дайын болыңыз.
Құрылтай депутаттарын сайлауға санаулы күн қалды. 23 тамыз, жексенбі күні еліміздің азаматтары сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасайды. Осыған орай сайлаушыларға дауыс беретін учаскесінің мекенжайын алдын ала анықтап алған жөн. Сайлау күні уақытты тиімді пайдалану үшін әр азамат өзінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін алдын ала біліп алғаны дұрыс. Бұл сайлау учаскесін іздеп уақыт жоғалтпауға және дауыс беру рәсімінен еш кедергісіз өтуге мүмкіндік береді.
Өз сайлау учаскеңіз туралы ақпаратты бірнеше жолмен анықтауға болады. Атап айтқанда, 109 Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға немесе sailau.almobl.kz, sailau2026.gov.kz интернет-ресурстары арқылы қажетті мәліметті алуға болады.
Сондай-ақ сайлау учаскесінің нақты мекенжайын, оның орналасқан жерін алдын ала анықтап алған жөн. Әсіресе сайлау күні адамдар көп жиналуы мүмкін екенін ескерсек, мұндай дайындық уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Сайлау – әр азаматтың өз пікірін білдіретін маңызды қоғамдық шара. Сондықтан дауыс беру күніне дайындықты кейінге қалдырмай, сайлау учаскеңізді қазірден анықтап алған абзал.
Сайлауға екі күн қалды. Уақытыңызды үнемдеңіз – өз сайлау учаскеңізді алдын ала біліп алыңыз!
Қажетті ақпарат:
* 109 – Бірыңғай байланыс орталығы;
* sailau.almobl.kz – сайлау учаскелері туралы ақпарат;
* sailau2026.gov.kz – сайлауға қатысты ақпараттық ресурс.