Кәсіпорын құрылысын 2026 жылдың IV тоқсанында бастау, ал пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланып отыр.
Инвестициялардың жалпы көлемі — 60 млрд теңге. Жобалық қуаттылығы — жылына 256 млн бірлік шыны ыдыс.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында шыныдан жасалған өнімнің өзіндік өндірісі жоқ. Жаңа зауыт отандық шыны ыдыс өндірісін ұлғайтып, ішкі нарықтағы ұсынысын кеңейтеді.
Кәсіпорын өнімдерінің 80%-ға дейіні Қазақстанда сатылып, қалған бөлігі Орталық Азия елдерінің нарықтарына шығарылады. Жоба аясында 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#Ақтөбе #шыныөндірісі #зауыт #инвестиция #экономика #жұмылорны #Қазақстан #жаңалықтар

