Site icon Атамекен

Ақын Серік Қалиев дүниеден өтті

Белгілі қаламгер, айтыскер ақын Серік Қалиев қайтыс болды.

Серік Қалиев – Айтыскер ақын.Ол Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. 1983-1995 жылдары облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлделі орындарды иеленді.»Отыз тістен шыққан сөз», «Ақ моншақ», «Жұлдыз сезім», «Егіздің сыңары» шығармаларының авторы.

Ақынның шәкірті Айнұр Тұрсынбаева:

Алтын ағатайым! Мына қыздың тілі сақау ғой, қалай айтысады?» дегенде қалай айтысу керектігін осы қыз үйрететін болады» деп жетектеп әкеліп айтыстың аламанына қосқан асыл ұстазым!
Оразаны толық ұстап, бүгін тағы ауыз бекітіп, кешкі құтпан намазды мешітте оқиын деп асығып бара жатқан жерінен көлік апатына ұшырап қайтыс болыпты… Ертең қасиетті жұмада жамбасы жерге тиеді… Алланың сүйікті құлы екенің осыдан-ақ көрініп тұрған жоқ па?! Адам түгіл шыбынды ретжітпейтін пәк көңіл асылым-ай, жатқан жерің жайлы болсын!!! , — деп қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып жеткізді «Инстаграм» әлеуметтік парақшасында.

 

Exit mobile version