Аққайнар ауылдық мәдениет үйінде этносаралық бірлікті нығайту мәселелеріне арналған «Полиэтносты қоғамдардағы бірлік пен ынтымақтастық» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция барысында көпэтносты қоғамдағы өзара түсіністік пен татулықты сақтаудың маңызы, этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған мәселелер талқыланды.
Аудан тұрғындарының ауызбіршілігі мен ынтымағын арттыруға ықпал ететін бұл шара халықтар достығының, бірліктің және бейбітшіліктің жарқын үлгісі болды.