Site icon Атамекен

Балалардың денсаулығы мен қуанышты балалық шағы ең алдымен олардың дұрыс тамақтануына байланысты

Осы жауапты істің басы-қасында жүрген жан – Сабденова Гүлсара. Ол «Жазира» балабақшасында көп жылдан бері аспазшы болып еңбек етіп келеді.

Гүлсара апайдың еңбегі – көзге көрінбейтін, бірақ ең қымбатты қызмет. Күн сайын таңертеңнен бастап балғындарға арнап түрлі тағамдар әзірлейді. Әрбір ас мәзірін құнарлы әрі дәмді етіп пісіруді басты қағидасына айналдырған. Оның қолынан шыққан ас – балалардың сүйікті асына айналып, денсаулығын нығайтып келеді.

Аспаздық – тек тамақ дайындау ғана емес, ол – үлкен жауапкершілік пен махаббатты қажет ететін іс. Сабденова Гүлсара өз ісіне шын берілген, тазалық пен ұқыптылықты алдыңғы орынға қоятын еңбекқор жан. Балабақша тәрбиешілері мен ата-аналар оның еңбегін жоғары бағалайды.

Осылайша, Сабденова Гүлсара – «Жазира» балабақшасының нағыз тірегі, балаларға мейірімін дәмді ас арқылы сыйлап жүрген еңбек адамы. Балалардың денсаулығы мен қуанышты балалық шағы ең алдымен олардың дұрыс тамақтануына байланысты. Осы жауапты істің басы-қасында жүрген жан – Сабденова Гүлсара. Ол «Жазира» балабақшасында көп жылдан бері аспазшы болып еңбек етіп келеді.

Гүлсара апайдың еңбегі – көзге көрінбейтін, бірақ ең қымбатты қызмет. Күн сайын таңертеңнен бастап балғындарға арнап түрлі тағамдар әзірлейді. Әрбір ас мәзірін құнарлы әрі дәмді етіп пісіруді басты қағидасына айналдырған. Оның қолынан шыққан ас – балалардың сүйікті асына айналып, денсаулығын нығайтып келеді.

Аспаздық – тек тамақ дайындау ғана емес, ол – үлкен жауапкершілік пен махаббатты қажет ететін іс. Сабденова Гүлсара өз ісіне шын берілген, тазалық пен ұқыптылықты алдыңғы орынға қоятын еңбекқор жан. Балабақша тәрбиешілері мен ата-аналар оның еңбегін жоғары бағалайды.

Осылайша, Сабденова Гүлсара – «Жазира» балабақшасының нағыз тірегі, балаларға мейірімін дәмді ас арқылы сыйлап жүрген еңбек адамы.

Exit mobile version