Site icon ATAMEKEN

Балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше назар

Жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың жолдағы қауіпсіздігі ерекше маңызға ие. Мектепке күн сайын қатынайтын оқушылар үшін қауіпсіз бағыт пен жол ережелерін білу – маңызды дағды.

Мемлекеттік органдар балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектептер мен балабақшалар маңындағы жол инфрақұрылымына да назар аударуда. Ақтау қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру ұйымдарының жанындағы жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылып, жол таңбалары сызылып, қажетті жол белгілерінің талаптарға сәйкестігі қамтамасыз етілуде.

Алайда жол қауіпсіздігі тек инфрақұрылымға байланысты емес. Ата-ананың балаға жолдан өту тәртібін үйретуі, жүргізушінің мектеп маңында жылдамдықты төмендетуі де аса маңызды.

Баланың жолдан аман өтуі – жүргізушінің бірнеше секундтық жауапкершілігіне байланысты болуы мүмкін. Сондықтан оқу жылы басталар алдында әр ата-ана баласымен бірге мектепке дейінгі қауіпсіз бағытты қайталап шыққаны жөн.

Exit mobile version