Site icon Атамекен

Балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында олардың әлеуметтік желілерге тіркелуін шектеу шаралары қарастырылып жатыр.

Мұндай шектеу шарасы балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған «Бала қорғау» кешенді жоспарынан белгілі болды.

Жобада Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркеуді шектеу жөнінде шаралар қабылдау 2025 жылғы 1 тоқсанға жоспарланғаны көрсетілген. Бұл бастамаға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту министрліктері жауапты болады.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында 6 маусымға дейін жария талқылауда болады.

Exit mobile version