Site icon Атамекен

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

Өрт – тілсіз жау. Қазіргі таңда орын алып жатырған өрттердің басым көпшілігі тұрғын үйлер үлесінде. Тұрғын үйдегі электр жүйесінің ақаулары, газ құрылғыларын пайдалану кезіндегі аңғалдықтар, балалардың отпен ойнауы өрттің шығуы себебіне негіз болып отыр. Әсіресе балаларды далаға ойнауға жібергенде, үйде өздерін қалдырғанда, балалардың шырпымен ойнауы салдарынан орын алған өрт оқиғалары басым келеді. Осындай кезде ойыннан от шығатынын ескермей, балалық әуестікке салынатыны белгілі. Сол себепті әрбір ата-ана балаларды бақылаусыз үйде жалғыз қалдырмағаны абзал  және шырпы, тұтандырғыш (зажигалка) сынды оттық көздерін және тез жанғыш, тұтанғыш заттарды балалардың қолы жетімсіз орында сақтағаны дұрыс. Балалардың отпен ойнау салдарынан туындайтын өртті болдырмау үшін:

– балаларға от ойыншық емес, ол тамақ пісіріп, жылу беретін құрал екенін, мұны тек үлкен адамдар ғана пайдаланатыны туралы үйретіңіздер;

– балаларыңыздан сіріңке мен тұтандырғышты әперіп жіберуін сұрамаңыз, балалар үлкендерге қарап, олардың ісін қайталайтынын ұмытпаңыз;

– кішкентай балаларыңызды олардың тауып алған сіріңкелері мен тұтандырғыштарын сіздерге қайтарып беруіне үйретіңіз әрі мұндай жауаптылық көрсеткені үшін оларды мақтап қою қажет;

– отпен ойнау салдарынан болған оқиғаларды назардан тыс қалдырмаңыз, атап айтқанда, күйген киім, қалталарында жүрген сіріңкелер мен тұтандырғыштар;

– балаларды үнемі қадағалау қажет, оларды тіпті аз уақытқа да жалғыз қалдырмауға тырысыңыз;

– балалардың бос уақытын қызықты өткізуін ұйымдастырыңыз.
– «Жаман айтпай жақсы жоқ» дегендей, өрт болған жағдайда балаларды дұрыс әрекет етуге баулыңыз:
– өрттің шығуын немесе жану белгілерін байқаған кезде бүлдіршін ересектерге немесе «101», «112»  өрт сөндіру бөлімінің телефон нөмірлеріне хабарлауы және тез арада бөлмеден, үйден шығып кетуі керек екендігін;
– тыйым салынған тартымды келеді, сондықтан «Болмайды!» дегеннен гөрі, бір қорап сіріңкенің салдарынан келетін қауіпті түсіндірген пайдалы.

Бұл кеңестерді әрбір ата-ана жадында сақтағаны абзал. Себебі тек қана өз балаларымызға деген үлкен қамқорлықпен ғана, біз балалардың отпен ойнауынан туындайтын өрттердің алдын алып, өз үйімізді мүлкімізді және ең бастысы – бүлдіршіндеріміздің өмірін сақтап қаламыз!

                             Жамбыл ауданы ТЖБ

Exit mobile version