Атамекен

Бастамашы болып отырған өзгерістердің басты ерекшелігі –

экономикалық дамуға серпін беруімен қатар, мемлекеттің біртұтастығына, аумақтық тұтастығына және бөлінбейтіндігіне ешқандай қауіп төндірмейтіндігінде. «Жылдам даму қалалары» немесе қаржы саласындағы арнайы құқықтық режимдер жекелеген аумақтарға саяси немесе әкімшілік артықшылық беру мақсатында емес, жалпыұлттық экономиканы нығайтуға бағытталған тиімді құрал ретінде қарастырылып отыр. Бұл – халықаралық тәжірибеде өзін ақтаған, инвестиция тартуға және инновациялық бастамаларды іске асыруға мүмкіндік беретін тетік.

Сонымен қатар, бастамашы тарап бұл нормаларды Конституцияның негізгі ережелерімен тығыз байланыста қарастыру қажеттігін алға тартып отыр. Елдің әкімшілік-аумақтық құрылымының тек конституциялық заңмен айқындалуы кез келген реформаның заң аясында, ашық әрі жауапкершілікпен жүзеге асуына кепіл болады.

Ең бастысы, мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалатынының нақты айтылуы қоғамдағы алаңдаушылықты сейілтіп, экономикалық даму мен ұлттық мүдденің үйлесімді түрде сақталатынын көрсетеді.

Алиев Багдат Байшалович, Зейнеткер, Жамбыл ауданының Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Exit mobile version