Site icon Атамекен

Бедалова Разия-Еңбек адамы

Аспаз — өте жауапты әрі шығармашылық мамандық. Дәмді әрі әдемі тағам дайындау — тек кәсіп емес, бұл өнер. Жақсы аспаз әр тағамға өз жүрегінің жылуын қосады. Ол адамдардың көңілін көтеріп, қуаныш сыйлайды. Бедалова Разия 11 қазан 1981 жылы дүниеге келген. Мамандығы “Аспаз “.
Еңбек жолын 2000 жылы аспазшы болып бастаған.
Бедалова Разия 2022 жылдан бастап «Еңбекшіарал ауылындағы орта мектеп» КММ-де аспаз қызметін атқарып келеді. Осы уақыт аралығында оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне арналған тамақ дайындау ісінде жауапкершілікпен, тиянақтылықпен қызмет етуде. Жауапкершілігі жоғары, еңбекқор, өз ісіне ұқыпты қарайтын, ұжыммен тіл табыса білетін, оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін бірінші қоятын маман.

Exit mobile version