Site icon Атамекен

Бельгубаев Көркем Ермекович — Еңбек адамы

«Болашақ» шаруа қожалығының басшысы

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылында 1977 жылы дүниеге келді.
Білімі:
1983-1994 жылы Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектепті бітірген.
1996-1999 жылы М.Тынышпаев атындағы «Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» колледжін, экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
2018-2021 жылы Шымкент қаласындағы «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетін бітірген.
2004-2008 жылы Жамбыл аудандық миллерацияда, гидротехник, бөлім басшысы болып қызмет атқарған.
2009 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін «Болашақ» шаруа қожалығының басшысы.
2016 жылы Шолаққарғалы ауылдық округінің әкімінен «Алғыс хат» пен марапатталған.
2020 жылы Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасынан «Құрмет грамота» мен марапатталған.
Көркем Ермекович «Болашақ» шаруа қожалығын 2000 жылы құрған. Өзінің жеке иелігінде 19 га суармалы егістік, 53 га қырқалы егістік, 523 га жайылым жері бар. 2023 жылға 700 га егіліп, 100 тонна өнім алынды. Шаруашылықта 5 жұмысшы жұмыс істейді. Шаруа қожалық иелігінде 3 трактор, 1 комбайн, 1 зил,1 газельі бар.

Оның еңбек жолынан алатын үлгі – еңбекқорлық, адалдық және жауапкершілік. Адам үшін ең бастысы – маңдай термен істеген адал еңбегі.

Exit mobile version