Site icon ATAMEKEN

Беріктас ауылдық округі мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ынтымақ күніне» орай мазмұнды іс-шара өткізілді

Шараның басты мақсаты – ауыл тұрғындары арасында бірлік пен татулықты нығайту, өзара сыйластық пен достықты дәріптеу болды.
Іс-шара барысында түрлі көрмелер, мәдени бағдарламалар ұйымдастырылып, ән шырқалып, би биленді. Қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күймен мерекелік шараға атсалысты. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрлер мен салт-сананы насихаттайтын көріністер қойылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Мұндай игі шаралар ауыл тұрғындарының бірлігін арттырып, ынтымақтастық пен ауызбіршілікті одан әрі нығайтуға өз үлесін қосады.

Exit mobile version