Суббота, 20 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарБиыл Алматы облысында 4 спорт мекемесі ашылды

Биыл Алматы облысында 4 спорт мекемесі ашылды

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаевтың сөзіне сүйенсек, биыл балалар спортын дамыту мақсатында 4 мекеме құрылды.

Бұл туралы басқарма басшысы Қонаев қаласында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Өңірде спорт резервтерін кеңейте отырып жоғары жетістіктерге жету, балалар спортын дамыту мақсатында 2022 жылдың соңында «Алатау» спорттық ойын түрлері бойынша клубы, өңірлік спортты дамыту дирекциясы, Жалаңаш ауылында қысқы спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қолданысқа берілді», — деді Нұрбақыт Теңізбаев.

Биыл жыл басында тағы 4 спорт мекемесі ашылды. Олар:
• Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің жекпе-жек спорт түрлері бойынша мектебі;
• Олимпиадалық резервтер дайындау орталығы;
• Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі;
• Шахматтан және үстел ойындарынан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі.

Клубтар мен спорт мектептерін ашудың нәтижесінде 448 адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар Нұрбақыт Теңізбаев биыл бірқатар елді мекендерде спорт кешендері бой көтеретінін айтты.

Оның айтуынша, облыста спорт инфрақұрылымын жетілдіру арқылы бұқаралық спортты дамыту қажет. Ол үшін 2023 жылдың 1-тоқсанында Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылы мен Райымбек ауданы Сарыбастау ауылында спорт кешендерінің құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. Ал жыл соңына қарай Қонаев қаласы мен Жамбыл ауданы Тарғап ауылында кешендердің құрылысы басталмақ.

«Қазіргі таңда барлық аудан бойынша 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 4 спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Жоғарыда аталған жоспардан бөлек, биыл Шеңгелді, Заречный ауылдары және Іле ауданы Байсерке ауылына спорттық нысан тұрғызу бойынша жобалық-сметалық құжаттың (ЖСҚ) қорытындысы алынады», — деді Нұрбақыт Теңізбаев.

Басқарма басшысының мәліметінше, биыл 8 спорт нысанының ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлінді. Атап айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би, Қазақстан, Тескенсу ауылдарында 3 нысанға, Іле ауданы Түймебаев ауылында, Райымбек ауданы Текес, Қайнар ауылдарында, Кеген ауданы Жалаңаш ауылында, Қарасай ауданы Шамалған ауылында нысандар салу үшін қаржы қарастырылды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments