Четверг, 5 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарБос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Жақында мәдениет үйінде «Жамбыл ауданының Мансап орталығы ММ-нің филиалы және жастар ресурстық орталығы, «Аманат» партиясымен бірлесе отырып, «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» (ярмарка вакансий) мен қатар ашық есік күні іс-шарасын өткізді. Жамбыл ауданы бойынша 27 жұмыс беруші өкілдері атап  айтқанда кәсіпорындар, медициналық орталықтар, шаруа қожалықтары мен мемлекеттік және жекеменшік  мекемелер қатысты. Келушілерге 112 тұрақты бос жұмыс орындары ұсынылды. Аталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыссыз жүрген, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі азаматтар келіп қатысты. Бұдан бөлек қатысушыларға «Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеберінде»  Мансап орталығының қызметтері бойыншада түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қ.БАЙМОЛДАЕВ,

Жамбыл аудандық «Мансап» орталығының директоры.

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments