Суббота, 20 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарБылтыр Алматы облысында пара алған 86 адамның ісі анықталды

Былтыр Алматы облысында пара алған 86 адамның ісі анықталды

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың негізгі үлесі – парақорлық. Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Серік Орымбетов айтты.

«Жедел-тергеу желісі бойынша 2022 жылы және биыл қаңтарда 109 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 86 адам әшкереленді, олардың ішінде 8 түрлі деңгейдегі басшылар», – деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың негізгі үлесі парақорлық (75% немесе 84 қылмыс), ұрлық және алаяқтық (66,5% немесе 40 қылмыс), лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану (2,7% немесе 3 қылмыс) фактілеріне тиесілі.

«Жергілікті атқарушы органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары (31 сыбайлас жемқорлық қылмыс), сондай-ақ ішкі істер органдары (15 қылмыс) сыбайлас жемқорлық көріністеріне барынша бейім», — деді Серік Орымбетов.

Департамент басшысының сөзіне сүйенсек, лауазымды тұлғалар тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың 6 фактісі (41 қылмыс) анықталды. Бюджетке 204 млн теңге шығын өтелді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments