Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бетРухани жаңғыруБіздің ел – ең бақытты, керемет ел

Біздің ел – ең бақытты, керемет ел

Тілім менің, Ұлы Абайдай,

 Мұхтардай пірім менің!

Тұнығым, рухани жан азығым,

Ол бүлінсе – менің де бүлінгенім…

Міне, нағыз елім деп еміреніп, тілім деп тебіренген ақын осылай жырласа керек.

Мемлекетіміз тəуелсіздік алып, жеке ел болғалы отыз жылға жуықтады. Тарих таразысымен бағамдасақ, аса көп уақыт емес. Бірақ осы жылдарда Қазақстан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, небір биік асулардан өтті.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білімі», – деп жазушы М.Əуезов айтқандай, елімізді өркениетке бастайтын сара жолдың алғашқы бағдары қасиетті ана тіліміз екенін ұмытпайық. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін ешуақытта естен шығаруға болмайды. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды ұмыту, – деген екен Бауыржан Момышұлы. Сондықтан тіл мəртебесін көтере білейік!

Бұл тіл – қазақ халқын бар əлемге əйгілеген ұлы Абайдың, қазақ əліпбиінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының, сырлы да сұлу шығармаларымен күллі əлемге танымал болған Мұхтар Əуезовтің тілі. Ана тілі арқылы адамдар өз қуанышы мен толғанысын жеткізеді. Сондықтан ол қадірлі, қасиетті. Əркімнің өз тіліне деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына көрсетілген құрмет деп білуі керек.

Қазақтар – өте кеңпейіл, қонақжай халық. Қазақ елінің тұлпар шапса тұяғы, құс самғаса қанаты талатын кең байтақ жері бар. Біз денсаулығы мықты, рухани жан дүниесі бай, тəуелсіздігі баянды, арғы ата-баба дəстүрін жоғалтпай сақтап келген ерекше ұлт екенімізді мақтаныш етуіміз керек. Əрбір адамның азаматтық қасиеті мен мəдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай қадірлейтіні, өз ана тілін қалай қастерлейтіні арқылы өлшенеді. Мен қазақ болып туғаныма ризамын. Қазақ халқы əлемдегі ең бай, ең керемет, ең бақытты – ел. Қазақтың байтақ жері бар, жаны жайсаң елі бар. Мен кең пейілді, жүрегі мейірімге толы тəуелсіз Отанымда өмір сүріп жүргеніме қуанамын. Өз ана тілімді мəңгілік құрметтеу – Отан алдындағы үлкен парызым деп ойлаймын.

Балжан ҚАЗАНБАЙҚЫЗЫ, Қазыбек бек ауылдық мəдениет үйінің қызметкері.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments