Вторник, 26 августа, 2025
Басты бетЖаңалықтарБілім беру саласындағы негізгі басымдықтар белгіленді

Білім беру саласындағы негізгі басымдықтар белгіленді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұзынағаш ауылында өткен облыстық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласындағы басым бағыттарды айқындады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында білім беру сапасын арттыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жетілдіру, ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеру және кәсіби біліктілігін күшейту басты міндет екенін атап өткен болатын. Облыста бұл тапсырмаларды орындау үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

«Әр балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ел болашағына салынған ең маңызды инвестиция. Жас ұрпақ тек академиялық біліммен шектелмей, рухани-адамгершілік құндылықтарға, патриотизмге, адалдық пен еңбекқорлыққа тәрбиеленуі тиіс. Адал азамат тәрбиелеу ұлттық тәрбиенің өзегі, кәсіби маман дайындау – сапалы білім берудің көрсеткіші», – деді облыс әкімі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments