25 мамыр күні Жамбыл ауданында орналасқан Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп өзінің 20 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Тағылымы мол тарихы мен жетістігі зор білім ордасының бұл айтулы мерекесі – тек мектеп ұжымы үшін ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындары мен түлектер үшін үлкен қуанышқа айналды.
Мерекелік кеш театрландырылған көрініспен басталды. Сахнада бүгінгі жас ұрпақтың болмысын бейнелейтін әсерлі қойылым ұсынылып, ұлы тұлғалардың өнегелі сөздері арқылы жастарға бағыт-бағдар берілді. Көріністе Наурызбай батыр, Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи және Абай Құнанбайұлының бейнелері сахна төріне шығып, білім, адамгершілік, еңбек пен руханият жайлы тағылымды ойларын жеткізді.
Жастар олардың үндеуіне бір ауыздан жауап беріп, білімге ұмтылуға, жүректі таза ұстауға, елге қызмет етуге серт берді. Бұл қойылым көрермендердің жүрегінен де ерекше орын алды.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, жүргізушілер кештің маңыздылығын айрықша атап өтті. Жиынға арнайы келген құрметті қонақтар қатарында мектептің алғашқы басшысы Дауренбаева Жанар, зейнеткер ұстаз, аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарған Тілепбергенов Серік, білім саласының ардагері Бибісара Жамыхановна, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Оразбаева Ләззат болды.
Қонақтар мектеп ұжымына жүрекжарды тілектерін білдіріп, білім ордасының жетістіктеріне жоғары баға берді.
Мерейтой аясында «Құрметті ұстаз» медалімен марапаттау рәсімі өтті. Шара барысында мектептің дамуына үлес қосқан ұстаздар қауымы ерекше құрметке ие болды.
Білім мен тәрбиенің шамшырағына айналған ұстаздар қатарында: Сатыбаева Алмагүл Айтбаевна, Мерейхан Базаргүл, Бесимбаева Нұржамал Тұраровна, Оразбек Жанар Оразбекқызы, Тұрымбетова Сандуғаш Боранбаевна, Абдибаева Дана Қырғызбаевна, Хабан Маржангүл, Базарбаева Гүлнара Буларовна, Асемжанова Анар Ыбраевна, Смайлова Гүлнар Алмабековна, Дүйсенбиева Айгүл Тұрысбековна, Абитаев Дидар Даненович, Бекбатырова Дариға Бекбатырқызы, Умурзакова Кенжегуль Өмірбаевна, Абдыманапова Анара Мұсахановна, Тампишева Асел Серікбаевна, Маралова Бақыт Өміралиевна, Насыпбаева Жазира Канатовна, Абилдаев Дидар Даненович, Скакова Алмакүл Беккуловна, Тыныбаева Алия Иембергеновна, Абдуллаева Гүлнар Ахметкалиевна, Наметкулова Ләззат Жанузаковна және Абилдаев Талгат Лагербаевич сынды ұстаздардың есімі зор құрметпен аталды.
Сонымен қатар, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған зейнеткер ұстаздар – Каримова Акмарал Файзуллина, Жолдыбаева Айнакүл Нусипбаевна, Шоманова Камилья Кенжебаевна, Жумабаева Карлыга Иманбековна, Сембаев Талгат Шарипович, Аскарбаева Гүлнұр Есбергеновна, Серсембаев Серікқали Боранбаевич, Турешева Зульфия Умаровна, Тлешбаев Марат Ауесханович, Маденова Сауле Ехметовна, Ажибаева Сагат Аятовна, Мырзабекова Серикгул Кожановна, Касымалиева Светхан Тукумбаевна, Арынова Айхан Ошакбаевна, Кененбаева Шекер Жайшибековна және Бегимбаева Сауле Нуржановнаға ерекше алғыс айтылды.
Білім ордасының өркендеуіне әр жылдары басшылық еткен азаматтардың еңбегі де айрықша аталды. Атап айтқанда, Нигметова Шынар Конырбаевна, Орисбаев Камбар Самиуллаевич, Базаркулова Гульмира Алмахановна, Изимхан Тимур Изимханович, Джетыбаева Акмоншак Сериковна, Даумбакова Гульжан Рахимбековна, Оразбаева Ляззат Ержановна, Хамыткожаева Лаура Жумановна, Бухатова Гульфайруз Советовна, Макашова Эльмира Абилбековна, Сулыбекова Салтанат Бакбергеновна, Дауренбаева Жанар Абжановна, Бакирова Лайлаш Хамитовна, Алтынбекова Светлана Амантаевна және Омарова Гульдана Турдахуновна білім ордасының дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Бұл – саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған ұстаздарға көрсетілген зор құрметтің белгісі. Ұстаз еңбегінің бағалануы – өскелең ұрпаққа үлгі екені сөзсіз.
Мектептің ең үлкен мақтанышы – оның түлектері. Осыған орай мерекеде әр жылдардағы түлектердің салтанатты шеруі ұйымдастырылды. 2006 жылғы алғашқы түлектерден бастап, 2025 жылғы жас түлектерге дейін ортаға шақырылып, ерекше қошеметке бөленді. Әр буын түлектері өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп, алтын ұя мектебіне деген алғыстарын жеткізді.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты. Оқушылар мен ұстаздардың өнері, би ансамбльдерінің қойылымдары, әсем әндер мен күмбірлеген күйлер көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Әсіресе ардагер ұстаз, ауыл мақтанышы, композитор Талғат Сембаевтың шығармашылығы мен оның отбасының өнер көрсетуі кештің көркін аша түсті. Мектеп ұстаздары хорының орындауында Т. Сембаевтың «Наурызбай ұраны» әні шырқалды. Сондай-ақ, мектеп вальсі орындалып, түлектердің балдәурен шағымен қоштасу сәті әсерлі көрініс тапты.
20 жыл ішінде мектеп үлкен жетістіктерге жетті. 2005 жылы іргетасы қаланған білім ордасы бүгінде өңірдегі сапалы білім мен саналы тәрбиенің орталығына айналды. Осы уақыт аралығында 1040 түлек түлеп ұшып, олардың 36-сы «Алтын белгі» иегері атанса, 6 түлек үздік аттестатқа ие болды. Бұл – ұстаздар қауымының қажырлы еңбегінің жемісі.
Қазіргі таңда мектепте 1262 оқушы білім алуда. Білім сапасы 69 пайызды құрайды. Ұлттық бірыңғай тестілеуде түлектер жыл сайын жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде.
Мектепте 107 мұғалім қызмет етеді. Олардың қатарында педагог-шеберлер, педагог-зерттеушілер, педагог-сарапшылар және педагог-модераторлар бар. Бұл – ұжымның кәсіби деңгейінің жоғары екенінің айқын дәлелі.
Мерейтойда мектеп директоры Хамытқожаева Лаура Жұмановна ұйымдастырушылар мен қонақтарға алғысын білдіріп, мектеп жетістіктерін таныстыратын көрме алаңдарына шақырды. Көрмелерде оқушылардың ғылыми жобалары, шығармашылық жұмыстары мен мектеп тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер ұсынылды.
Жиырма жыл – бір мектеп үшін үлкен белес. Бұл – талай ұрпаққа білім мен тәрбие берген, мыңдаған шәкірттің болашағына жол ашқан қасиетті шаңырақтың жемісті еңбегінің нәтижесі.
Алдағы уақытта да Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп өз дәстүрін жалғастырып, білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу жолында табысты еңбек ете беретініне сенім мол.
Үмітнұр МҰҚАМЕТ,
Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

