Четверг, 25 апреля, 2024

БІР АТАНЫҢ БАЛАСЫНДАЙ…

Қылышынан қан тамып тұрған Сталиннің режимі біздің ұлтты да қасіретке душар етті. Өзіміздің туған жерімізден түрлі сылтаулармен Қазақстанға депортация жасап, қуып шықты. Десек те, бізді қазақ бауырлар жатырқамай бауырына басып, бір нанды бөлісіп жеді. Қиын-қыстау заманда өздерінің үйінің бір бөлмесін беріп, өз бауырындай көріп, бізге мейірімділігі мен дархандығын көрсете білді. Біз де қандас бауырларымыздың мейірбандығын түсініп, оларды өзімізге жақын тарттық. Біраз уақыттың ішінде қазақ-түрік бауырлар бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай тату-тəтті ғұмыр кештік. Өмірдің ыстық-суығын, жақсылығы мен жамандығын бірге көріп, сол қиындықтарға бірге төтеп бердік. Осындай ауызбіршіліктің арқасында біз көпұлтты Қазақстанның негізін қалай алдық. Қазақ халқы тек бізді ғана емес, корей, шешен, поляк, украин т.б. бауырларды өз бауырына басып, жатырқамай қарсы алды. Қазақтың даласындай кеңпейілді осы елдің азаматтарына айтар алғысымыз шексіз. Халықтар бейбітшілігі мен ұлтаралық келісімді нығайтып, сақтап келе жатқан  Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрегендігімен еліміз одан ары қарыштап, дами беретініне сеніміміз мол. Ассамблеяның мүшесі болып отырған 130-дан аса ұлт пен ұлыстың өкілдері қазіргі таңда жаңа Қазақстанның дамуына өзіндік үлесін қосып жатыр. Ассамблея мүшелері мемлекеттік қызмет пен депутаттыққа сайлауға түсіп, ұлттардың достығын насихаттау үстінде.

Баршаның баласын бауырына басқан қазақ халқының көрсеткен жақсылығын ақсақалдарымыз əлі күнге дейін еске алып, алғыстарын айтып отырады. Біздің қанымыз түрік болғанымен жанымыз қазақ болып өскен ұрпақпыз. Еліміз аман, бейбітшілік заман болсын! Барша аудан тұрғындарын ынтымақ пен бірлік күнімен құттықтаймын!

 

Гвиняшев Рафик Яшаоғлы,

 «Ахыска» түрік этномəдени орталығының жетекшісі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments