Жамбыл ауданының Қастек ауылындағы №308 сайлау учаскесінде көпбалалы отбасы ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасады.
Сайлау учаскесіне көтеріңкі көңіл-күймен келген отбасы мүшелері азаматтық міндеттерін орындап, елдің ертеңіне деген өз ұстанымдарын білдірді. Бір шаңырақ астында тәрбиеленіп жатқан балаларымен бірге сайлауға келген отбасының бұл қадамы – өскелең ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі іс.
Көпбалалы ата-ана үшін бүгінгі таңдау – тек дауыс беру ғана емес, балаларының болашағына деген жауапкершіліктің бір көрінісі. Себебі әрбір отбасы елдің тұрақты дамып, ұрпаққа жарқын келешек бұйырғанын қалайды.
«Балаларымыздың болашағы жарқын болсын!» деген ізгі ниетпен сайлау учаскесіне келген отбасы мүшелері өз таңдауын жасады. Олардың айтуынша, ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерде әр азаматтың белсенділік танытып, азаматтық ұстанымын білдіруі маңызды.
Отбасының сайлау учаскесіне балаларымен бірге келуі – бала тәрбиесіндегі азаматтық жауапкершіліктің де бір көрінісі. Өйткені ел болашағын қалыптастыру тек үлкендердің міндеті емес, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерді сіңіруден басталады.
Бүгінгі таңдау – ертеңгі күннің негізі. Әр отбасының дауысы – ел болашағына қосылған үлес. Сондықтан сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершілік пен ел тағдырына деген жанашырлықтың белгісі.
Бір отбасының таңдауы – бір шаңырақтың ғана емес, тұтас елдің болашағына деген сенімнің көрінісі.

