Site icon ATAMEKEN

Бүгінгі саяси науқан қасиетті Рамазан айының берекелі күндерімен тұспа-тұс келіп отыр

Осыған орай, Қарасай ауданындағы бірқатар сайлау учаскелерінде кешкі уақытта дауыс беруге келген азаматтар мен ораза ұстаған тұрғындар үшін арнайы ізгілік акциясы ұйымдастырылды.
Сайлау учаскесіне келушілерге ауыз ашар уақытында құрма мен су таратылып, Рамазан айының құрметіне ерекше ілтипат көрсетілді. Бұл бастама сайлаудың маңыздылығын ғана емес, халқымыздың ауызбіршілігі мен рухани құндылықтарын да паш етті.
Тұрғындардың айтуынша, мұндай қамқорлық дауыс беруге келген жандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік атмосфераны нығайта түскен.
«Бүгін еліміз үшін де, мұсылман қауымы үшін де ерекше күн. Сайлауға келіп, өз таңдауымызды жасап жатқан сәтте ораза ұстаған жандарға құрма мен су ұсынып жатқаны өте қуанышты жағдай. Бұл — бірлігіміз бен бір-бірімізге деген құрметіміздің белгісі», деп пікір білдірді ауыл тұрғыны

Exit mobile version