Аудан аумағындағы сайлау учаскелерінің алдында әз Наурыздың белгісі «Наурыз көже» көпшілікке таратылды.
Ауыл тұрғындарымен бірге дауыс беруге келген аудан әкімі Нұрлан Ертас:
— Бүгінгі сайлауға арнайы атбасын бұрып, өзінің азаматтық борышын сезінген ел ағаларына, мерекенің сәнін келтіріп, ұлттық тағам ұсынған барша тұрғындарға ерекше алғыс айтамын. Әр азаматтың Заңды құқығы бар, өз таңдауын жасайды. Ең бастысы елдің береке-бірлігі ажырамасын, — деді