23 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Бұл күні әлемнің мыңдаған түрлі сәулет нысандары мен ғимараттарында жарық бір сағатқа өшіріледі.
«Жер сағаты» — Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) демеушілігімен өтетін жыл сайынғы халықаралық шара, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 2 миллиардтан астам адам қатысады. Бұл әртүрлі елдердің миллиондаған адамдары 1 сағатқа жарық пен электр құралдарын өшіретін, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықтарын өшіретін уақыт.
Акцияның мақсаты – табиғатқа және планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.
«Жер сағаты» науқаны кезінде WWF планетаның болашағына алаңдаушылық белгісі ретінде жарықтар мен тұрмыстық электр құрылғыларын бір сағатқа өшіруге шақырады.