Site icon ATAMEKEN

Бүгін жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін республикалық референдум қарсаңында партияаралық дебаттар өтті

Дебаттарға саяси партияның өкілдері қатысып, құжаттағы негізгі жаңашылдықтар жөнінде өз ұстанымдарын білдірді және азаматтарды алдағы дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.
Байтақ партиясынан төраға Азаматхан Әміртаев пен партия хатшысы Танирберген Бердонгар сөз сөйледі. Өз баяндамаларында олар Конституция жобасындағы экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған нормаларға ерекше тоқталды. Атап айтқанда, 37-бап әрбір азаматтың қоршаған ортаны қорғау міндетін айқындайтынын, ал 8-бапта меншік иелерінің өз мүлкін қоғам мүддесіне және экологиялық талаптарға сай пайдалануы нақты көрсетілгенін атап өтті. Сонымен қатар табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені ерекше мәнге ие екені айтылды.
Партия өкілдері бұл өзгерістер экологиялық нормаларды декларативті деңгейден нақты құқықтық тетікке айналдыратынын, сол арқылы мемлекеттің де, азаматтардың да жауапкершілігін институционалды түрде күшейтетінін жеткізді.
Сондай-ақ олар Конституция жобасына «Миранда қағидасының» енгізілуіне тоқталып, бұл норма әр азаматтың үнсіз қалу және адвокат көмегін пайдалану құқығын конституциялық деңгейде бекітетінін айтты. Бұл құқық қорғау органдарының жауапкершілігін арттырып, азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтады деген пікір білдірілді.
Сөз соңында «Байтақ» партиясының өкілдері барша қазақстандықтарды референдумға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды. Дебаттардың атауының өзі – жаңа Конституцияны бүкілхалықтық талқылау мен қолдау қажеттігін көрсететінін атап өтті.

Бибісара Жамыхановна, зейнеткер ұстаз

Exit mobile version