Атамекен

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысының өтуі

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысының өтуі – ел дамуының жаңа белесіне қадам басқанын көрсетеді. Қоғам өзгерген сайын Конституция да заман талабына сай жетілдірілуі қажет. Осы тұрғыдан алғанда, 2026 жылғы конституциялық реформа – уақыт сұранысынан туған маңызды бастама.

Бұл реформа азаматтардың мемлекет басқару ісіне қатысуын күшейтіп, билік институттарының жауапкершілігін арттыруға бағытталады деп ойлаймын. Ең бастысы, әр адамның құқығы мен еркіндігі нақты тетіктер арқылы қорғалып, заңның әділдігі іс жүзінде сезілуі тиіс.

Комиссия жұмысы ашық әрі жария түрде жүргізілсе, қоғам тарапынан сенім де арта түседі. Осындай жүйелі өзгерістер Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде нығаюына және тұрақты дамуына берік негіз қалайды деп сенемін.

Exit mobile version