Суббота, 23 августа, 2025
Басты бетЖаңалықтарБүгін мен үшін мерейлі де мәртебелі күн!

Бүгін мен үшін мерейлі де мәртебелі күн!

Бүгін мен үшін мерейлі де мәртебелі күн!
Бейсенбінің арайлы таңымен бірге көңілімді белгісіз бір толқу билеп, жүрек дүрсілін құлақ шалғандай еді. Көңіл түкпірінде әлдебір үлкен үміт пен асқақ арман самғап тұрған. Киелі Жамбыл топырағының тізгінін ұстап отырған ел ағасы, парасатты тұлға, аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы @nurlan_yertas қабылдап, ағалық ақ батасын арнады.
Күні кеше ғана ел ағасының қабылдауына кіріп, көкейімде жүрген уәжімді — кітапхана ісінің хәлі мен жастардың кітапқа деген ынтасының сиректігін бүкпесіз айтқан едім. Шынында да, рухани қазына ордасы саналатын кітапханаға бас сұғар жанның азайғаны қынжылтарлық. Соны жүрегіме түйген соң, үнсіз қалмай, ойымды ашық жеткіздім.
Ал бүгін, ойламаған жерден, ел ағасы мейірімін төге қабылдап:
– “Кітапқа деген ынтаң, ізденісің көңілімді сүйсінтті. Қазынаға бойлап, кітапханадан табылғаның құптарлық іс. Болашағың жарқын болсын! Есігім саған әрқашан ашық, келіп тұр”, – деді.
Осы сөздің өзі-ақ көңілімді көкке көтеріп, жаныма ерекше шуақ сыйлап еді. Дәл осы мезетте ол кісі менің көңіл төрімдегі асыл арманымның кілтін ұстатқандай болды. Арман болған бір қазына — сүйікті жазушым, қарымды қаламгер Жұмабай Шаштайұлының үш томдық шығармалар жинағын қолыма ұстатты. Көңіл шіркін селт етіп, жүрек шым ете қалды. Төбемнен найзағай ойнап өткендей болды. “Бақыттан басым айналды” деген сөздің шын мәнін сол сәтте ұқтым. Көптен бері таба алмай жүрген асыл мұра енді менің жеке кітапханамның төрінде орын алды.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments