Site icon ATAMEKEN

Бүгін Шиен ауылдық округінде Өңіс күні аталып өтті

Бұл мереке ауыл еңбеккерлерінің еңбегін бағалап, бірлік пен ынтымақты нығайтатын ерекше күн болды.

Іс-шара барысында ауыл тұрғындары бас қосып, мерекелік көңіл күйде түрлі мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. Ауылдың дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі ерекше аталып өтті.

Мұндай шаралар ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін арттырып, елдің бірлігі мен берекесін нығайта түседі.

Exit mobile version