Site icon ATAMEKEN

Бүгін Үлкен ауылдық округінде әз-Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтуде.

Көктемнің шуақты күнімен бірге келген бұл мереке – бірлік пен берекенің, татулық пен ынтымақтың жарқын көрінісі.

Ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдардан дастархан жайылып, наурыз көже ұсынылды. Ауыл тұрғындары бір-біріне ақ тілектерін арнап, көтеріңкі көңіл-күймен мерекені қарсы алуда.

Ән мен күй шырқалып, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, салт-дәстүріміз жаңғырып, жас ұрпаққа үлгі боларлық тамаша шара өтуде.

Наурыз – бұл жаңару мен жақсылықтың бастауы. Осы мереке әр шаңыраққа қуаныш, молшылық және амандық әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! 🌸🌞

Exit mobile version