Маңызды әлеуметтік нысанның ашылуына ауыл тұрғындары, округтің ақсақалдар алқасы, аналар кеңесінің мүшелері, аудан әкімі және округ әкімі қатысты. Жиын барысында жаңа амбулатория ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетіп, халықтың денсаулығын нығайтуға қызмет ететіні айтылды.
Сонымен қатар кездесу барысында 15 наурызда өтетін референдум туралы ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оның маңызы мен өткізілу тәртібі жөнінде ақпарат берілді.
Мұндай игі бастамалар ауылдың әлеуметтік дамуына серпін беріп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. 🤝

