Site icon ATAMEKEN

Бүгін, 15 наурыз күні, мен Республикалық референдумға қатыстым.

Сайлау учаскесіне жақсы көңіл-күймен келіп, өз таңдауымды жасадым — жай ғана дауыс беріп қана қоймай, Еліміздің болашағы туралы ойлап, саналы түрде шешім қабылдадым.
Бүгінгі әрбір дауыс — Қазақстанның дамуына, қоғамымыздың нығаюына және Мемлекетіміздің одан әрі өркендеуіне қосылған үлес.
Әрқайсымыздың белсенді азаматтық ұстанымымыз бен қатысуымыз мықты, әділетті әрі заманауи ел құруға көмектесетініне сенімдімін.

Exit mobile version