Site icon ATAMEKEN

Бүгін 325 референдум учаскесінде мен Нургазиева Гүлхан Елубайқызы, байқаушы ретінде қатысып отырмын.

Біздің еліміз үшін бұл маңызды қоғамдық-саяси шара.
Дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес, ашық әрі тыныш жағдайда ұйымдастырылып, қалыпты деңгейде өтуде. Таңертеңнен бастап тұрғындар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіру үшін белсенді түрде келіп, дауыс беріп жатыр.

Комиссия мүшелері тарапынан алғашқы болып дауыс берген сайлаушыға арнайы сыйлық табыстады. Сонымен қатар, кейбір сайлаушылардың ұлттық киіммен келіп дауыс беруі шараға ерекше ұлттық нақыш беріп, халқымыздың салт-дәстүріне деген құрметті көрсетті.

Exit mobile version