Site icon ATAMEKEN

Гендерлік саясат пен әйелдер кәсіпкерлігі – қоғам дамуының маңызды бағыты

Облыстық комиссия мүшелері аудандағы жұмыстармен танысты 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №3 комиссия отырысының хаттамасына сәйкес Алматы облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия мүшелері ауданға жұмыс сапарымен келді. Сапардың негізгі мақсаты – аудан аумағында гендерлік саясаттың жүзеге асырылу барысын зерделеу, отбасыларды қолдау бағытындағы жұмыстармен танысу және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша атқарылып жатқан шараларды бағамдау. Жұмыс сапары аясында комиссия мүшелері Отбасын қолдау орталығының өкілдерімен, аналар және ақсақалдар кеңестерінің мүшелерімен, педагогтермен кездесті. Кездесу барысында отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды сақтау, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру және гендерлік саясатты іске асыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Кездесу қатысушылары өзара тәжірибе бөлісіп, аталған бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Мұндай кездесулер жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұдан кейін облыстық комиссия мүшелері Отбасын қолдау орталығының жұмысымен танысты. Орталықтың қызметі мен отбасыларға көрсетілетін қолдау бағыттарына назар аударылды. Сапардың келесі кезеңінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар зерделенді. Комиссия мүшелері кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асырып, өз ісін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкерлердің қызметімен танысты. Бұл ретте әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру, кәсіпкерлік әлеуетін дамыту және жаңа бастамаларды қолдаудың маңыздылығы айқындалды. Отбасы институтын нығайту, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдердің кәсіпкерлік мүмкіндіктерін кеңейту – қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды бағыттар. Осы ретте облыстық комиссияның жұмыс сапары аудан тәжірибесін зерделеуге, өзекті мәселелерді талқылауға және алдағы жұмыстардың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
Ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Медеуова

Exit mobile version