Данияров Мейрамбай Куандыкұлы 07.11.1959 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Аққайнар ауылында дүниеге келген, 1976-1978 жж. Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы СПТУ, токарь-фрезеровщик мамандығы бойынша оқуын аяқтап. 1980-2000жж. Жамбыл ауданы, Амангелды совхозында токарь жұмысын атқарған. Қәзіргі уақытта үйінен токарлық цехын ашып халықа қызмет етіп жүр.
Ол өз ісінің нағыз шебері ретінде күрделі өндірістік тапсырмаларды жоғары жауапкершілікпен және сапамен орындайды, токарға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді. Өз жұмысына ұқыпты қарап, өндірістік қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды. Ауылдың тіршілігі әрқашан еңбекқор азаматтардың қолымен өркендейді. Темірден түйін түйіп, талай үйдің тірегін бекемдеген талай еңбектің нәтижесінде көрініс тапқан. Бұған қоса, ауылдастары қажет еткенде түрлі тұрмыстық жұмыстарға да қол ұшын беріп, көмегін аяған емес, тынымсыз еңбегі мен қарапайымдылығы – ауыл тұрғындары үшін үлкен демеу.