Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшесі, джиу-джитсудан әлем және Азия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы Жібек Кулумбетова республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Белгілі спортшы дауыс беру учаскесіне келіп, ел үшін маңызды қоғамдық-саяси науқанға азаматтық жауапкершілікпен қатысатынын жеткізді. Оның айтуынша, референдум – әрбір азаматқа мемлекет дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін маңызды демократиялық тетік.
Жібек Кулумбетова әр азаматтың дауысы ел болашағын айқындауда үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Спортшы қоғам мүшелерін ел тағдырына бейжай қарамай, мұндай маңызды шешімдер қабылданатын сәттерде белсенді болуға шақырды.
«Еліміздің болашағы – баршамызға ортақ құндылық. Сондықтан әр азаматтың дауысы маңызды деп есептеймін. Бүгін мен өз азаматтық борышымды орындап, референдумда дауыс бердім», – деді спортшы.
Ол сондай-ақ жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, мұндай саяси науқандар қоғамның бірлігі мен жауапкершілігін нығайта түсетінін айтты.
Жібек Кулумбетованың айтуынша, спортшылар да қоғамның бір бөлшегі ретінде ел өміріндегі маңызды бастамалардан шет қалмауы тиіс. Оның пікірінше, азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігі мемлекеттің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының кепілі болып табылады.

