Site icon Атамекен

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы

Алматы облысы  бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 2023 жылы қараша айында Райымбек ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие тапшы мамандарға «Дипломмен ауылға» атты бағдарлама бойынша 2021 жылдан 2022 жылдар тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін берілген несиенің Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабының 8-тармағының талабына сәйкестігіне аудиторлық тексеріс жүргізілді.

Тексеріс барысында, Райымбек ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бюджет есебінен жұмыс істеуге және тұруға басқа өңірлерден Райымбек ауданына келмеген, бұрынан жұмыс істейтін маман иелеріне 2021 жылы 8 маман иелеріне – 35 000,0 мың теңге және 2022 жылы 12 маман иелеріне – 55 134,0 мың теңге сомасында несиелер, барлығы – 90 134,0 мың теңге негізсіз заңға қайшы берілгені;

Сондай-ақ, несие алушылардың 2022 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша 415 қарыз алушыда 34 497,4 мың теңге сомасында уақтылы белгіленген мерзімде мемлекетке қайтарылмаған қарыздары анықталды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 34 497,4 мың теңгені сот арқылы бюджетке өндіруді және алдағы уақытта заң талабын орындауға Мекемеге Нұсқама жолданды.

Exit mobile version