4 шілде Қонаев қаласының орталық алаңында Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен қасиетті қара домбыраны ұлықтау мақсатында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра-дастан» атты мерекелік шара өтеді. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Секен Тұрысбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мейрамбек Беспаев, Нұркен Әшіров сынды эстрада жұлдыздары күміс күйден шашу шашады. Сондай-ақ 1500-ге жуық жас домбырашылар көк аспан астында күмбірлете күй шертіп, әуелете ән айтып, жиналған көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйламақ. Шара соңы Алматы облысы Сүйінбай атындағы филармониясының мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасады.