2025 жылдың 5 тамыз күні Астана қаласында «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтардың арасында өткізілген «ДОСТЫҚ» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған Жамбыл ауданы аудандық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Нұралиев Мұхан Таңатарұлы I дәрежелік дипломмен марапатталды. Мұхан ағамыз көп этнос өкілдері шоғырланған Мыңбаев ауылдық округінде этносаралық қарымқатынасты нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген ардақты азамат. Марапатыңыз құтты болсын!


