Site icon Атамекен

ДҮЛДҮЛ ЖЫРДЫҢ ДҮБІРІ

  Кеше Үмбетәлі Кәрібаев әдеби-мемориалды музейінде халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың 135 жасқа толуына орай «Дүлдүл жырдың дүбірі» атты ғылыми конференция өтті. Оған Алматы облыстық музейлер бірлестігінің директоры Талғат Келимбетов,  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры,  филология ғылымдарының кандидаты Анарбай Бұлдыбай, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор НұрдәулетАқыш, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Қолжазба және текстология» орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жұмашай Рақыш, М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты «Қолжазба және тестология» орталығының ғылыми қызметкері Алмас Оралбек, ҚР Жазушылар одағының мүшесі,  ақын, журналист Нүсіп Әбдірахым, Т.Жүргенов өнер академиясында өнертану кафедрасының меңгерушісі, доцент, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Әйгерім Еспенова, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Өтен, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сағатбек Медеубек  қатысты.

  Сондай-ақ, шара барысында ҚР Мәдениет саласының үздігі, ақын, Үмбетәлі ақынның ұрпағы Әуелбек Ысқақов қатысушыларға жырмен шашу шашты. ҚР Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әншілер Гүлшат Тәкежанова мен Бауыржан Күмісбек әуелетіп ән салса, жыршы-термеші Жылбек Тоқтасынов Үмбетәлі мен Нұриланың айтысынан үзінді орындады.

  Жыр алыбы Жамбылдың шәкірті, өлеңнің «қара жорғасы», халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың 135 жасқа толуына орай ұйымдастырылған конференция өз мәресіне жетті. Ғалымдар тарапынан сан қырлы зерттеу жұмыстары тыңдалып, түрлі ұсыныстар айтылды.

Еркежан Хуандық,

Ү.Кәрібаев әдеи-мемориалды

музейінің қызметкері.

Exit mobile version